2020 жылы студенттердің шәкіртақысы 25%-ға өседі

2020
Фото: Vlast.kz

Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап студенттердің стипендиясы 25%-ға ұлғаяды. Мұндай тапсырманы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура, докторантура студенттеріне стипендияны 25% көтеру керек. Бұл 130 мың адамға қатысты», — деді Президент еріктілер жылының ашылуы және Жастар жылының жабылуы салтанатында.

Шәкіртақыны арттыру колледж студенттеріне да қатысты.

«Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс мамандықтарын алатын 122 мың оқушының шәкіртақысы 30%-ға артты. Менің тапсырмам бойынша Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан бастап орта арнаулы білім алатын колледждердің стипендиясын 25%-ға ұлғайтады», — деді Мемлекет басшысы.

Ол шара студенттер үшін жақсы қолдау болатынын атап өтті.

«Өзекті мәселелердің бірі — студенттердің стипендиясын арттыру. Бұл мәселе назардан тыс қалды, стипендия 2016 жылдан бастап көтерілмеген. Бұған объективті себептер болды», — деді Президент.