Г. Әбдіқалықова: Еліміздегі жеке кәсіпкерлердің жартысы — әйелдер 

753

ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше,  мемлекетіміздегі жеке кәсіпкерлердің жартысына жуығы әйелдер. Бұл туралы ол IV Еуразиялық әйелдер саммитінде айтты. 

«Еліміздегі еңбекке белсенді халықтың 48%-дан астамын  әйелдер қауымы құрайды. Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің 42%-ын әйелдер басқарады. 1,2 млн жеке кәсіпкерлердің 600 мыңы — әйелдер», — деді ол.

Мемлекет хатшысы, сондай-ақ, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетіп отырған «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорын» атап өтті.

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  соңғы 10 ай ішінде ШОБ-ті дамытуға 1 млрд теңгеден жоғары қаржылық қолдау көрсетті. 6 000-ға жуық әйел-жеке кәсіпкерлер қаржыландырылды. 2010 жылдан бастап микронесие бағдарламасы бойынша 1,5 мың әйел  12 млрд теңге көлемінде несие алды. 2011 жылдан бастап, Азия даму банкі арқылы әйел-жеке кәсіпкерлердің 412 жобасы 41 млн доллар сомасында қаржыландырылды»,- деді ол.

Сондай-ақ Г.Әбдіхалықова «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдар аралығында елімізде 395 мың жұмыс орындары құрылмақ екендігін атап өтті. Осы мақсатты іске асыру үшін Ұлттық қор 100 млрд теңге бөлген.

Фото: Total.kz