KASE: 1 доллар 307,76 теңге

2 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында (KASE) доллардың орташа бағамы 307,76 теңгені құрады. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 307,65 теңгені құрады. Максималды курс — 307,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 307,82 теңге болды.

Таңертеңгі сессияда сауда көлемі  87 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 112.

2 желтоқсан күнгі доллардың ресми курсы 307,40 теңге болады. Ал 3 желтоқсан күні 1 доллардың курсы 307,08 теңгені құрайды.