5,5 мың кәсіпорында 67 мың маман жетіспейді

568

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеуі бойынша, Қазақстанның 5,5 мың кәсіпорында 67 мың маман жетіспейді. Бұл туралы ұйымның басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтты, деп хабарлайды LS.

«Биыл 5,5 мың компаниядан сауалнама алғанымызда, отандық кәсіпорындарда 67 мың маман жетіспейтін болып шықты. Сонымен қатар осы кәсіпорындар талабына сай мамандар қажет, алайда оларды нарықта табу қиын»,- деді Н.Әлтаев.

Ол өткен жылы Қазақстанда Дуальді білім беру жүйесінің жол картасы қабылданғанын ескертіп, компания картасының аясында мамандандардың білім алып жатқанын айтты.

«Дуальді білім беру жүйесінің жол картасы аясында кәсіпорындар мен колледждер және мамандар арасында үшжақты келісімшарттар жасалды. Қазіргі таңда 16 мыңға жуық маман дайындықтан өтіп жатыр. Кәсіпорындардың тапсырысымен оқып жатқан мамандар, 2016 жылы дипломдарын алып, сол компанияларға жұмысқа тұрады деп күтудеміз», — деді Н.Әлтаев.

Бұл келісімшартқа сәйкес, кәсіпорын оқуын аяқтаған маманды жұмыспен қамтуға міндетті.

Фото: egov.kz