29-31 қазанға арналған реcми валюта бағамы

407
ресми
Фото:Forbes.kz

Алматы. 29 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі бейсенбі күні 29-31 қазанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 333,5 теңге, 1 еуро — 363,82 теңге, Ресей рублі — 5,30 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 404,8 теңге, жапон йені— 3,17 теңге, 1 қытай юаньы — 49,19 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,87 теңге, 100 өзбек сумы— 10,84 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 29 қазандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 333,5 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.