ЖаңалықтарҚазақстанҚоғам

ҚР Премьер-Министрі Гонконг әкімшілігінің Басшысы Лян Чжэньинмен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында САР Сянганға (Гонконг) келді. Сапар барысында К.Мәсімов Гонконг әкімшілігінің Басшысы Лян Чжэньинмен кездесу өткізді деп жазылған primeminister.kz сайтында.

Тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, К.Мәсімов пен Л.Чжэньин тауар айналымын арттыруға зор әлеуеттің барын айтып өтіп, көп жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге келісті.
К.Мәсімовтің Гонконгтың ірі компаниялар өкілдерімен кездесуінде екі жақты іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Бұдан өзге, сол күні Үкімет басшысы Гонконгтың ғылыми-технологиялық паркінің қызметімен танысты.
Фото:qostanay.tv
Tags

Осы айдарда

Close