Сауда Арабиясы мен Иран қақтығысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

908

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қақтығыстың өршуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы да өсе түсті. Brent маркалы мұнай 3,35%-ға артып, барреліне 38 доллардан сатылды. WTI 3,5 пайызға қымбаттады деп жазады  rbc.ru.

3 желтоқсанда Лондон биржасындағы сауда кезінде Brent-тің ақпандық фьючерстері күрт қымбаттап, барреліне 38,50 доллар деген бағаға жетті. Нью-Йорк биржасында WTI  мұнайы 3,5 пайызға өсіп, бағасы барреліне 38,38 доллар болды. Кейінірек баға 37,77 долларға төмендеді.

Bloomberg-тің атап өтуінше, Сауд Арабия мен Иран ОПЕК құрамына кіретін елдер арасында мұнай өндіру көлемі бойынша тиісінше бірінші және бесінші орынға ие. Жексенбіде Сауд Арабия СІМ-нің басшысы Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзетіндігі мәлімдеді. Бұған Ирандағы Сауд Арабиялық елшілікке шабуыл жасалуы себеп болды.

2 қаңтарда Сауд Арабияның СІМ-і терроризмге қатысы бар деген айыппен 47 адамды өлтіргендерін хабарлады.Өлім жазасына кесілгендердің арасында елдегі шииттердің ең танымал өкілі, шейх Нимр әл-Нимрдің болғандығы белгілі болды. Ол 2012 жылы жаппай қақтығысқа себепкер болды деп тұтқынға алынған еді. Шейхтің өлімінен кейін әлемдегі барша шииттіктер арасында жаппай наразылық акциялары басталды.