9-11 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы

Қазақстан Ұлттық банкі жұма күні 9-11 қаңтарға арналған шетел валюталарына қатысты бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған. 

АҚШ доллары — 351,88 теңге, 1 еуро — 382,32, ресей рублі — 4,76 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 514,38 теңге, жапон йені— 2,97 теңге, 1 қытай юаньы — 53,40 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,64 теңге, 100 өзбек сумы— 12,54 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстандық қор биржасының 8 қаңтардағы таңғы және кешкі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты бағамы 351,88 деңгейінде деп нақтыланды.

Ал басқа да шетел валюталарына қатысты теңге курсы 8 қаңтарда Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.

Фото: vlast.kz