Қазақстанның Ұлттық қоры жоғалуы мүмкін бе?

ҚР Ұлттық қорының активтері құлдыраудың аз-ақ алдында тұр. Бұған әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі әсер етуде. 7kun.kz осындай мазмұнда Wall Street Journal-да жарияланған мақаланың аудармасын ұсынады. 

 «Ұлттық қордың қазіргі кездегі капиталдандырылған 64 млрд доллары мұнай бағасының құлдырауынан 5-6 жылда төмендеуі мүмкін. Мемлекет кірісінің азаюы да бюджетке кері әсерін тигізуде»,  — дейді Ұлттық банк бөлімі Ұлттық инвестиция корпорациясының басқарма төрағасы Берік Өтемұрат Wall Street Journal-ға берген сұхбатында.  Ұлттық қордың активтері 2014 жылы 77 млрд долларға жеткенмен, аталған көрсеткіш осы уақытқа дейін 17%-ға төмендеген.
«Шенеуніктер мен Ұлттық банк жеке шығындарын азайту керек. Салық жинауды көбейтіп, жоғарғы кіріс активтерін, яғни тура тартылатын инвестиция көлемін арттыру қажет», — дейді Берік Өтемұрат.
2012 жылы құрылған Ұлттық инвестиция корпорациясы бастапқыда Ұлттық қор активтерін басқару мақсатында ашылған. Алайда ведомство Ұлттық банктің 800 млн доллар көлеміндегі резервін басқарумен айнлысады.

Қазақстан, Сауд Арабиясы сияқты мұнайға бай елдердің мемлекеттік қорына қара алтын бағасының құлдырауы себепті қауіп төніп тұр. Халықаралық валюта қорының айтуынша, мұндай жағдай Азия, Африка, Латын Америкасы және Таяу Шығыс елдерінде де орын алады. Сондықтан активтерді басқару бойынша нақты жоспар құрылып, мемлекет бюджетінің біраз шығыны қысқартылу қажет. Халықаралық қорлар мен ұйымдар арқылы несиелендіруді арттыру керек.

Ұлттық инвестиция корпорациясының болашағы қандай?

Берік Өтемұраттың айтуынша, Ұлттық инвестиция корпорациясының (ҰИК)жағдайы алдағы уақытта қалай болатыны әзірге белгісіз. Ұлттық инвестиция корпорациясының қызметін басқарған Ұлттық банк төрағасының орынбасары болса қызметінен кетті. Ал оның орнына әлі ешкім тағайындалған жоқ.

«Ұлттық банктің жаңа төрағасының басқа істермен қолы босамай жүреді. Осының әсерінен біздің соңғы екі жылда атқарған жұмыстарымыздың нәтижесі босқа кеткелі тұр», — дейді Б. Өтемұрат жаңа банкирге өкпесін білдіріп.

Оның айтуынша, 2013 жылы инвестициялық қорға Ұлттық банктің 2 млрд доллар көлеміндегі резервтері берілген. Бұл қаржыны корпорация өз саясаты бойынша инвестициялауды бастайды. Алайда бір жылдан соң Ұлттық банк 1,2 млрд долларды кері қайтарып алды. Оған себеп реттуші резервтері үлкен қысымға ұшыраған болатын.

ҰИК ақпаратына сәйкес, қалған 150 млн доллар чикагалық Grosvenor Capital Management LP-ға инвестицияланды. Сондай-ақ, компания АҚШ-тың Пенсильвания қаласында базаланған Bala Cynwyd қорына 225 млн доллар аударды. Тағы 100 млн доллар Blackstone Group LP, Warburg Pincus LLC и Advent International Corp корпорациясына жіберілді.

Ұлттық инвестиция корпорациясы ұсынған құжатқа сәйкес, ұлттық қордың орташа кірісі 5 жыл ішінде 1,96% деңгейінде болды. Бұл Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры мен Оңтүстік Корея және Сингапурдың тәуелсіз қоры көрсеткен кірістің бестен бір бөлігі ғана.  Ұлттық қор өз активтерінің 86%-ын бағалы қағаздарға салған. Ал басқа тәуелсіз қорлар бағалы қағаздар үшін өз активтерінің 16%-ын салып отыр.

Сондай-ақ, ҰИК басшысының сөзінше, Ұлттық қордың басты көзі болып табылатын мұнай кен орындарындарындағы өнімдерді бөлу туралы келісімдер жабық түрде жүргізіледі. Оның үстіне қордың ашық ақпарат сайты да жоқ.

«Егер жылына Ұлттық банк активтері арқылы 5-6 млрд доллар кіріс болса, бұл бюджеттегі толық жылдық трансферттерді жаба алады. Қазіргі уақытта ұлттық қордың қызметі ашық көрсетілуі керек. Менеджмент анықталып, кіріс-шығыс есебі туралы ақпарат таралған жөн. Инвестиция саясаты да ашық болуы қажет. Бұл мемлекет үшін жасауға тура келетін қиын қадам. Дегенмен ақпараттың ашық болуы Ұлттық қордың активтерінен жұмсалған мемлекет шығынын тиімді бақылауды қамтамасыз етеді», — дейді  Ұлттық инвестиция корпорациясының басшысы.

Фото: ic24.kz