Қазақстан мен Франция әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатады

664

15 қаңтар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына  қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі шеңберінде өткен екі жақты келісімнің нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова және Түркияның Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Сулейман Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қоюға келісті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтылуға тарту және оларды әлеуметтік қамсыздандырумен қамту мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның протездік-ортопедиялық саласын дамыту туралы келісімге келді.

Естеріңізге саламыз, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің кездесуінде әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда.

Фото:caravan.kz