Ресей 2016 жылы дағдарыспен күресуге 750 млрд рубль жұмсайды

торговля

РФ Үкіметі дағдарысқа қарсы жоспардың жаңа нұсқасын қарастырып жатыр. Жоспар бойынша дағдарыспен күрес үшін 2016 жылы ел бюджетінен 750 млрд рубль жұмсалады, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Жоспар аясында автокөлік өндірісі, транспорттық машина жасау ісі және тұрғын үй құрылысы мен жеңіл өнеркәсіпке қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, билік орта және шағын кәсіпкерлік пен жоғарғы экономикалық банктерді қолдауға баса назар аудармақ.

Дағдарысқа қарсы жоспарға арналған қаржының 423,8 млрд рублі бюджет шығынын 10%-ға қысқарту арқылы бөлінді. Міндетті медициналық сақтандыру федералдық қорынан 55,7 млрд рубль алынады. Ал мемлекеттік кепілдік қаржысынан 38 млрд рубль жұмсалмақ.

Фото: vestifinance.ru