ЖаңалықтарТаңдаулы1

35 531 қазақстандық шекара асып кетті

Қаңтар-қазанда республикаға барлығы 10 346 адам көшіп келді.

Алматы. 14 желтоқсан. 7 kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстаннан 35 531 адам көшіп кетті. Оның 1 528-і қазақтар. Өткен жылдың 10 айында 31 666 адам шекара асып кеткен, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Комитеттің деректеріне сәйкес, Республикадан кеткендердің  32 204-і ТМД елдеріне , 3 327-і  басқа елдерге кетті. 2018 жылғы қаңтар-қазанда жекелеген этникалық топтар бойынша сыртқы көші – қон төмендегідей болды: орыстар – 72,6% , немістер – 7,3%, украиндар – 6,6%, қазақтар – 4,3%, татарлар – 2,3%, өзбектер – 0,4%, басқалары-6,5%.

Қаңтар-қазанда республикаға барлығы 10 346 адам (бір жыл бұрын 13 374 адам) , оның ішінде ТМД-дан 8 108 адам және басқа елдерден 2 238 адам көшіп келді. Олардың ішінде: қазақтар бірінші орында – 53,3%, орыстар – 23,5% , украиндар – 2,9%, өзбектер – 2,3%, татарлар – 1,2%, немістер – 1,6% басқалары – 15,2% -ды құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша көші – қон сальдосы теріс мәнді көрсетті – минус 25 185 адам.

Қазақстанның негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 78,4% және 90,6% құрады.

Мемлкет ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылардың саны өткен жылға қарағанда 12,2% – ға , 666 773 адамға дейін азайды. Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде қалыптасты: Астана (15 189 адам), Алматы (29 496 адам) және Шымкент (39 556 адам) қалаларында.

Tags

Осы айдарда

Close