Мұнай бағасы 34,35 доллар болды

Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі 34,35 долларға бағаланды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

WTI маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерсі  Нью-Йорк тауар биржасында барреліне 31,11 долларға қымбаттады.

Дегенмен АҚШ-тың мұнай қоры артып жатыр. Ал Венесуэла мен Сауд Арабиясының мұнай министрлері  Эулохио дел Пино және Али аль-Наимидің кездесуі нәтижесіз болды, деп жазады vedomosti.ru.

Фото: focus.ua