Үкімет барлық сала бойынша бюджет шығынын арттырды

forbes.kz

Үкімет тарапынан анықталған бірқатар секторлар түзетілген республикалық бюджеттен қосымша қаржы алатын болды. Яғни мемлекет қазынасынан алынатын қосымша ақша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  елдің әлеуметтік және индустриялық-инновациялық даму саласына және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін бөлінеді.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бейсенбі күні 2016 жылға арналған бюджет есебін таныстыру барсында шығын 266,8 млрд теңге көлемінде болатынын хабарлады. Бюджет шығыны бұдан бұрын бекітілген жоспармен салыстырғанда 600,2 млрд теңгеге артты.

Бюджет шығыстарының өсуі, ең алдымен жалпы сомасы 240,5 млрд долларды құрайтын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын дағдарысқа қарсы шараларға байланысты болады. Сондай-ақ, 300 млрд теңге макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды қаржыландыру мақсатында жұмсалады.

«Бұл қаржы халықаралық ұйымдардың жарнасын төлеуде, шетелдердегі мекемелерді қамтамасыз етуде, автожол жобаларын жүзеге асыруда, шетелден дәрі-дәрмек сатып алуда және үкімет қарызын төлеуде жұмсалатын шығындардың курстық айырмашылығын өтеу үшін бөлініп отыр. Сондай-ақ, жергілікті бюджетті тұрақтандыру үшін 71 млрд теңге бөлу қарастырылуда», — деді Бақыт Сұлтанов.

Үкімет алдымен әлеуметтік саладағы шығындарды 2 998 млрд теңгеге арттырмақ. Шығын бұдан бұрын бекітілген жоспардан 124,5 теңгеге артық.

«Халықаралық қайта құру және даму банкімен болған келісім барысыныда 5,8 млрд теңге электронды денсаулық сақтау ісін жүзеге асыруға жұмсалады. 55,7 млрд теңге — медициналық көмек көрсету жұмыстарын арттыруға бағытталады. 63 млрд теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру үшін беріледі», — деді ол.

Бақыт Сұлтанов жұмыспен қамту іс-шарасы бойынша инфрақұрылымдық жобалар аясында 13 жұмыс орны құрылып, 60 мың адамды жұмысқа тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ал білім ғылым саласына бөлінген қаржы 55,1 млрд теңгеге артып, түзетілген бюджет есебінде 454,4 млрд теңгені құрайды.

Мемлекеттің спорт және мәдениет салаларын дамытуға жұмсалатын қаржыны 34,5 млрд теңгеге арттырып, 91 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр.