5 балапан бүркіт табиғат аясына жіберілді

609
бүркіт

Алматы. 28 қазан. 7kun.kz — 2016 жылдың 27 қазанында Алматыда «Сұңқар» жабайы құстар тәлімбағында өсірілген бүркіт балапандары ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Зоология институтына кезекті рет тапсырылды. «Эфес Қазақстан» ШС АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» атты бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында балапандар ары қарай жабайы табиғат аясына жіберілетін болады.

2012 жылдың шілдесінде Зоология институтының ғалымдары және «Сұңқар» жекеменшік жабайы құстар тәлімбағының қызметкерлері бүркіттерді жабайы табиғат аясына жіберу бойынша бірегей ғылыми экспериментті бастаған болатын. Зоология институтының ғалымдары тәлімбақ қызметкерлерімен бірге осы жоба аясында жүргізген бес жылғы жұмысы ішінде бейімделген балапандарды еркіндікке жіберу бүркіттердің жабайы табиғаттағы өміршеңдігіне де анағұрлым жақсы әсер ететіндігіне көз жеткізіп отыр.

Бұл жолы еркіндікке бес балапан бүркіт жіберілмек. Тәлімбақ қызметкерлерінің пікірінше, бесеуі бірдей дүниеге келгелі бері, олар жабайы табиғатта өмір сүруге үйретіліп, арнайы торқоршауларда жаттықтырылды, нәтижесінде олар өз бетімен өз азығын табуға үйренді.

«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» жобасының жүзеге асырылып жатқанына осымен бес жыл толып отыр.  Біздің бастама жұртшылықтың назарын сирек құстар мен жануарлардың азаю мәселесіне аудартуға көмектеседі. «Эфес Қазақстан» компаниясы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке үлкен мән беретіндіктен, біз бұл жобаға ары қарай да қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Біздің ұлттық табиғи брендімізге айналған бүркіттерді сақтап, олардың ары қарай да Қазақстанның мақтанышы және ұлттық нышаны болғанын қалаймыз», — деп атап өтті «Эфес Қазақстан» ШС АҚ Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев.

img_7433

img_7552