5 шілдеге арналған ресми валюта бағамы

Фото: vlast.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі дүйсенбі күні 5 шілдеге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 337,39 теңге, 1 еуро —371,41 теңге, ресей рублі — 5,28 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 447,95 теңге, жапон йені— 3,29 теңге, 1 қытай юаньы — 50,64 теңге, 1 қырғыз сомы —5,00 теңге, 100 өзбек сумы— 11,52 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 4 шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,39 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.