50 еуролық жаңа банкноттың 5 миллиард данасы басылады

279
еуролық
Фото: igre123.com

Брюссель. 20 наурыз. 7kun.kz — 4 сәуірден бастап номиналды құны 50 еуролық жаңа банкнот айналымға шығарылады.

Еуропаның орталық банкі ескі ақшаны алмастыру шешімін былтыр маусымда жария еткен болатын. Бұған 50 еуролық банкнотпен алаяқтық әрекеттер жиі жасалуы себеп болған. Алдағы уақытта банкноттың 5 миллиард данасы басып шығарылуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропаның орталық банкі номиналды құны 100 және 200 еуролық банкноттар да жаңасына алмастырылады деп жария еткен еді. Олар келесі жылы айналымға шығарылады.