Жолаушыларды заңсыз тасымалдағандардың транспорттары тәркіленеді

556

Астана. 10 қазан. 7kun.kz — Республиканың бас транспорт прокуратурасы транспортпен жолаушылардың заңсыз тасымалдау жағдайларының көбейгендігін тіркейді. Осыған байланысты заңсыз жолаушылар тасымалдағандардың автобустары тәркілейтіндігін хабарлайды. 

«Заңсыз жолаушылар тасымалдағандардың әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 463 бабына сәйкес келеді (Қажетті құжатынсыз кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру). Бұл бап екі рет бұзылса, құқық бұзушылықтың құралы яғни автобус тәркіленеді», — делінген бас прокуратура таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ барлық аймақтарда жергілікті атқарушы органдар мен транспортты бақылау органдарының қатысуымен арнайы мобильді топтар құрылып, заң бұзушылықтарын бақылап отыратындықтары хабарланған.

«Жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны анықталса, тасымалдаушының әрекеті тоқтатылып, автотранспорт айып тұрағына жіберіледі. Кінәлілер анықталып, заңдық жауапкершілікке тартылып, арнайы шешім шығарылғанға дейін сол жерде болады», — дейді ведомстводан.

Ал заңсыз тасымалдаушылардың қызметін пайдаланған жолаушылар бастапқы орындарына қайтарылады, кейінірек азаматтық заң жобасының аясында өз күштерімен заңсыз тасымалдаушыдан шығындарын қайтара алады.

Прокуратураның атап өтуінше, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатындар жүргізушінің қажетті квалификациясы, өрт сөндіру құралдары, алғашқы медициналық көмек құралдары, жолаушылар алдында сақтандыру болуы тәрізді ескерместен жұмыс істейді.