Қазақстанға келген турист қанша ақша жұмсайды?

қазақстан
Көрнекі сурет today.kz сайтынан алынды.

Қазақстанға  келген әрбір шетелдік турист 96,7 мың теңге жұмсаған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп.

2017 жылдың басында іріктемелі зерттеуге 10,05 мың шетелдік қатысады. Оның ішінде 53 пайызы ерлер, 47 пайызы әйелдер.

Қазақстандағы іскерлік және кәсіби сапарлардан түскен пайда 24,5 пайыз болса, жеке мақсатпен келген адамдардан түскен пайда 75,5 пайыз. Салытыра айтқанда өткен жылы туристердің 21,3 пайызы ғана іссапармен келген.

Ал биыл бизнес-туристердің шығыны жалпы шығынның 42,1 пайызы болды. Былтыр ол 408,9 млн теңгені құрап, 40,2 пайыз болған.

Елге келген шетелдік турист 96,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өкен жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп. Дегенмен іссапармен келген туристердің шығыны (165,8 мың теңге) жеке мақсатпен келген туристердің шығынынан (74,3 мың теңге) 2,2 есеге көп.

ҚР ҰҚК мәліметі бойынша өткен жылы шекарадан 6,5 млн өткен. бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Егер келетін туристердің саны өзгермесе де, Қазақстанда 2017 жылы ең аз дегенде 6,6 млн турист келеді және олар 637,5 млрд теңге жұмсайды деп болжауға** болады.

*Елге келушілер туралы мәліметтер ҚР ҰЭМ Статистика комитетінде жылына екі рет жарияланады.
**Болжам соңғы жылы елге келген туристредің саны 1,2 пайызға көтерілгеніне және резидент емес бір тұлғаның орташа чегіне қарап жасалады. Орташа чек көлемін де ҚР ҰЭМ СК есептеп шығарады.

Зерттеуге қатысқан азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан аумағында 971,9 млн теңге жұмсаған. Оның негізгі бөлігі, яғни 324,9 млн теңгесі (33,4%) халықаралық тасымалдауларға кетеді.

Ал тағы 25,9 пайызы  — 252,1 млн теңге тауар сатып алуға жұмсалса, оның ішінде 24,4 пайызы сувенирлер мен сыйлықтар, 23,8 пайызы киім-кешек пен аяқ киім, 22,9 пайызы бағалы тастар мен металдар, антиквариаттар, көркемөнер туындылары және т.б. құнды заттарға жұмсалады.

Резидент емес тұлғалар ақша жұмсайтын үшінші бөлім — тағам. Барлық шығындардың 157,2 млн теңгесі, яғни 16,2 пайызы тамақтануға кетеді. Оның ішінде 44,7 пайызы кафе мен ресторандарға жұмсалады.

Бір күнге келген туристер жалпы туристердің 1,7 пайызын құрайды. Ал 98,3 пайызы кем дегенде 1 түн қонған туристер.

Бір түнге қалған туристердің көбісі таныстарында немесе туысқандарында қонақ болады. 26,8 пайызы қонақ үйге жайғасса, 12,8 пайызы  үй немесе пәтер жалдайды. Ал 2,1 пайызы қазақстандық санаторияларға келген.