Қазақстандық банктердегі депозит көлемі ұлғайды

Қазақстандық банктердегі депозит көлемі ұлғайды
Фото: kapital.kz

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанның депозит нарығы бір жылда 4 пайызға ұлғайып, 2017 жылы наурызда 16,6 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ranking.kz сараптама қызметі хабарлады.

Бұл 2016 жылмен салыстырғанда  636,6 млрд теңгеге көп. Ең көп өсімге ие болған бөлшектік депозиттердің жалпы көлемі 2016 жылдан бері 9,2 пайызға өсіп, 7,6 трлн теңгеге жеткен.

Ал заңды тұлғалардың депозиттері 0,01 пайызға, яғни 1,1 млрд теңгеге өсіп, 9,0 трлн теңге болды. Ал жеке тұлғалардың депозиттік портфельдегі үлесі 45,6 пайызға жетті.

Халық банкіндегі жеке тұлғалардың депозиттері ең үлкен көлемге ие болды. Соңғы бір жыл ішінде бұл банктегі аталған депозит көлемі 149,8 млрд теңгеге өсіп, 2017 жылдың наурызында 1,6 трлн теңге болды. Қазір Халық банкі Қазақстандағы депозит портфелінің 21,3 пайыздық үлесіне ие.

Екінші орында — Kaspi Bank, мұнда жеке тұлғалардың депозит көлемі 132,6 млрд теңгеге ұлғайып, 753,4 млрд теңгеге жетті. Алғашқы үштікті Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі аяқтайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық банкінің қаулысы бойынша 2016жылдың 30 мамырынан бастап егер банктегі немесе тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жалғыз акционер өзге мемлекттің орталық банкі болса, онда ол банктің минималды капитал көлемі 4 млрд теңге болуы қажет. Ал басқа банктер үшін минималды капитал көлемі — 10 млрд теңге.