«Қазақмыс» корпорациясы құны 350 млн долларлық зауыт салады

«Қазақмыс»
Фото: kapital.kz

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz — «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС гидрометаллургиялық зауыт салуды жоспарлап отыр. Оның құны 350 млн доллардан жоғары болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарады.

«Мыс концентраты бойынша оның өнімділігі жылына 649 мың 200 тоннаны құрайтын болады. Қаржылай шығын шамамен 350 млн доллардан асады. Зауыт құрылысы 2018 жылдан басталады. Ал толығымен 2021 жылы салынып бітеді деп жоспарлар отырмыз», — деп атап өтті компания өкілі.

Олардың айтуынша, зауыт — ірі толыққанды өндіріс орны болмақ. Онда зауыт тәжірибесінен өткен технологиялар өтеді.

«Ірі зауыт құрылысын бастамастан бұрын, мүмкін болатын өндірістік тәуекелдерді есептеп олардың алдын-алу керек. Ол үшін әртүрлі саладағы екі гидрометаллургиялық зауыт салу жоспарланып отыр», — деп атап өтті компания.

Бұған дейін, «Қазақмыс» корпорациясы құны 11 млрд теңге болатын мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отырғандығы хабарланған.