Қырғызстан ЕАЭО талаптарына сай келмейтін тауарларға айыппұл салады

Қырғызстан ЕАЭО талаптарына сай келмейтін тауарларға айыппұл салады
Бішкектегі орталық базар. Сурет pixanews.com сайтынан алынды.

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz — Қырғызстан өндірген тауарының сапасы Еуразиялық одақ талаптарына сай келмейтін кәсіпорынға 100 мың сом көлемінде айыппұл салады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Тіпті жаңа жүйеге көшіп үлгермеген кәсіпкерлер де жазаға тартылады. Себебі, бизнесмендерге қатаң ереженің енетіні туралы осыдан 2 жыл бұрын ескертілген болатын.

Қырғызстанда шығарылатын тауарлардың барлығы Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай болуы тиіс. Бұл қадам арқылы өндірушілер ортақ нарыққа шыға алады.

Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары Олег Панктратов кәсіпорындардың ортақ стандартқа көшуін баса айтты. Егер тауарлар талапқа сай келмесе кешірім болмайтыны айтылды.