Қазинвестбанкте БЖЗҚ-ның 1,5 млрд теңгеге жуық қаржысы бар

Қазинвестбанкте БЖЗҚ-ның 1,5 млрд теңгеге жуық қаржысы бар
Фото: Kapital.kz

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz — Осыдан бірнеше ай бұрын лицензиясынан айырылған Қазинвестбанкте зейнетақы қорының әлі де 1 млрд 449 млн теңгесі бар, деп жазды qazaqtimes.kz.

Салым 2019 жылдың 21 қазанында алынуы тиіс екен. Осы жылдың 1 сәуіріндегі ақпарат бойынша Қазинвестбанктің депозитінде 1 млрд 491 млн теңге орналасқан, ал өткен жылдың қаңтар айында бұл қаржы 2,9 млрд теңге болған. Қазинвестбанктің банкрот болғаны жөніндегі соттың қашан болатыны әзірге белгісіз.

БЖЗҚ болса бұған дейін Қазинвестбанк депозитіне  2,9 млрд теңге мемлекеттік бағдарлама аясында салынғанын айтады.

«Ұлттық қордың басқару жөніндегі кеңесі 200 млрд теңге орта және шағын бизнесті қолдау үшін банктерді қаржыландыруға жұмсалатынын нақтылаған. 35 банктің 30-ын осы жүйеге қатысуға шақырдық. Қаржыны бөлу шарты банктердің рейтингіне қарай 14−16,5% шамасында болды. Кредиттеу 3,5 жылға есептелген. 6 банкке 6 ай ішінде қаржыны игеруге бердік», — деп түсіндіреді Ұлттық банктің монетарлы операциялар жөніндегі департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов.

Сондай-ақ, ол бөлінген қаржыға мониторинг жүргізу үшін «Даму» қоры шақырылғанын айтады. Яғни БЖЗҚ атап өткендей, 2016 жылғы 200 млрд теңгенің 113 миллиарды 15 банкті қаржыландыруға жұмсалған. Енді қордағылар егер банк  банкрот ретінде танылса, онда  2,9 млрд теңге өтеледі деп отыр.