«7-20-25» бағдарламасы: 35 млрд теңгеге 2900 өтінім мақұлданды

«7-20-25»
Фото: potrebitelskiy-credit.ru

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді.

 8 қарашадағы жағдай бойынша банктер 35 млрд теңге сомаға 2900 өтінімді мақұлдаған.

«Ұлттық Банк халықпен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты түрде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді», — деді Д. Ақышев.

Сонымен қатар, Ақышев таяу уақытта Баспана компаниясының базасында «Алдын ала біліктілік» атты жобаның іске қосылатынын, оның Қазақстанның кез келген азаматына «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін онлайн режимде қашықтан өз мүмкіндігін бағалауға және банкте қарыз алу уақытын көп қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.