7-9 қаңтарға арналған ресми валюта курсы

ресми

Алматы. 7 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі жұма күні 7-9 қаңтарға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 330,67 теңге, 1 еуро — 350,38 теңге, Ресей рублі — 5,57 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 409,67 теңге, жапон йені— 2,85 теңге, 1 қытай юаньы — 47,75 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,78 теңге, 100 өзбек сумы— 10,35 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 330,67 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.