Руслан Ерболатұлы Дәленов

Руслан Ерболатұлы Дәленов 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Ыстамбұлдағы Мармара университетін 1999 жылы экономист біліктілігі бойынша бітірді.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде жетекші маман қызметінен бастады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінде 2000-2002 жылдар аралығында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісім шарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін 2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін атқарды.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.  2003-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістерді талдау департаментінің директоры.
2005 жылдан 2008 жылға дейін жеке компанияның директоры ретінде жұмыс істеді. 2008 жылдың 11 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.  2017 жылдың 21 сәуірінде ҚР Үкіметінің №217 қаулысымен Руслан Дәленов ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.