7 қыркүйекке арналған ресми валюта бағамы

Фото:newskaz.ru

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz Қазақстанның Ұлттық банкі сейсенбі күні 7 қыркүйекке арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 339,8 теңге, 1 еуро — 379,39 теңге, Ресей рублі — 5,25 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 453,12 теңге, жапон йені— 3,29 теңге, 1 қытай юаньы — 50,88 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,93 теңге, 100 өзбек сумы— 11,39 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 қыркүйектегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 339,8 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.