Таңғы сессия: 1 доллар — 313,12 теңге

теңге
Көрнекі сурет aksam.com.tr сайтынан алынды.

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 маусымдағы доллардың орташа бағамы 313,12 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,25 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,80 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 46 млн 600 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 106.

Ақша айырбастау орындарында 6 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 314,3 теңгені құраған.