Таңғы сессия: 1 доллар — 314,09 теңге

Көрнекі сурет Tengrinews сайтынан алынды.

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 маусымдағы доллардың орташа бағамы 314,09 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 313,71 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 314,20 тг, сауданың аяқталуы кезінде 313,80 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 49 млн 700 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 79.

Ақша айырбастау орындарында 8 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 315 теңгені құраған.