Қазақстандықтар Африкада ауызашар берді

Қазақстандықтар Африкада ауызашар берді
Көрнекі сурет islam.ua сайтынан алынды.

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — Қазақстандық азаматтар Африкадағы мұсылмандарға ауызашар беріп жатыр. Бұл туралы Қайрат Құрманбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Нұр-Мүбәрәк» Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Қайрат Құрманбаев өзінің жазбасында «қазақстандық жомарт жандарды африкалық мұсылман бауырларға жақсылық жасауға» шақырған.

«Өткен оразада Африка мұсылмандарына 30 кун бойы ауыз ашар беру нәсіп болған еді. Осы жылы да алыстағы мұсылман бауырлар жақсылық жасауда жарысатын қазақстандық жомарт жандардың қайырымдылығын асыға күтуде«, — дейді ол.

Сонымен бірге, Құрманбаев өз жазбасында көмек көрсетудің міндетті емес екенін және бұл африкалық мұсылмандардың сұрауы бойынша ғана жасалып жатқанын ескерткен.

Ол бір адамның ауызашарына 1 АҚШ доллары жеткілікті екенін айтады.

Оқытушы жазбасын «Бұл өзіміздің елдегі тұрмысы төмен адамдардың жағдайын ойламау емес. Таяз түсінікке салынудың қажеті жоқ«, — деп қорытындылаған.

Қазақтардың Бенин (Африка) елінің әртүрлі аймақтарында 700 адамға ұсынған ауызашарынан көрініс (02.06.2017 ж)