Даму қорының Алматыдағы филиалы «Ашық есік күнін» өткізеді

Даму қорының Алматыдағы филиалы

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — Филиал директоры Алмат Нұрахметов пен қызметкерлер «Даму» Қорының қаржылық және бейқаржылық құралдары жайлы тікелей кеңес береді. Кездесуге банк өкілдері шақырылған.

Олар кәсіпкерлерге бизнес үшін несие алу талаптарын түсіндіреді. Сонымен қатар, кеңес берушілер қатарында Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), прокуратура, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен әкімшілік қызметкерлері де бар.

«Даму» Қоры ғимаратының аумағында отандық тағам өндірушілердің тауарлары да сатылатын жәрмеңке де ұйымдастырылады.

Шақырылған консультаттар қатарында:

«Банк KassaNova» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ, «ForteBank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, Алматы қ. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Алматы қ. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қ. Прокуратурасы, Алматы қ. Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Алматы қ. Сәулет-құрылысты бақылау басқармасының, Алматы қ.Жер қатынастары басқармасының өкілдері бар.

Өтетін күні: 09 маусым

Уақыты: 09.00-18.00

Өтетін жер: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 111, 1-қабат, №1 мәжіліс залы.

Байланыс телефондары: 2445566 (ішкі 1043) 8 701 454 09 90