Күндізгі сессия: 1 доллар — 316,30 теңге

В мае 2017 года долларов США на KASE было продано на 23%
Көрнекі сурет Forbes.kz сайтынан алынды.

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 14 маусымдағы доллардың орташа бағамы 316,30 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 316,06 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 316,65 тг, сауданың аяқталуы кезінде 316,45 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 65 млн 250 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 148.

Ақша айырбастау орындарында 14 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 319 теңгені құраған.