Назарбаев халықаралық криптовалюта енгізуді ұсынды

Назарбаев халықаралық криптовалюта енгізуді ұсынды

Астана. 16 маусым. 7kun.kz — Президент Назарбаев бүкіл әлемге ортақ халықаралық криптовалюта енгізуді ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысы Астана экономикалық форумның пленарлы отырысында айтты.

«Әлемдік қаржы архитектурасын трансформациялайтын қажеттілік туындап отыр. Халықаралық есептік-төлем бірлігін енгізетін уақыт жетті. Ол әлемді валюталық соғыстан, сауда қатынасындағы ауытқушылықтар мен нарықтағы құбылмалылықтан және биржадағы алып-сатарлықтан арылтар еді.  Цифрландыру мен технологияның дамып келе жатқанын ескерсек, мұндай есептік бірлік криптовалюта түрінде шығарылса болады», — деді ол.

Назарбаев валюта беталды сенімге емес, нақты қамтамасыз етілген активтерге негізделуі керек және әлемдегі барлық тұтынушылардың қатысу мүмкіндігі демократиялық деңгейде болса деген пікірде.

«Сол себепті біз тек қана g-20 емес, g-global ұсынып отырмыз. Нәтижесінде нарыққа әлемнің барлық мемлекеттері қатыса алады», — деді президент.

2015 жылы Қазақстан президенті БҰҰ Ассамблеясында ұлттық валютадан жоғары халықаралық валюта құруды ұсынған еді.