Мемлекеттік бюджетке салық түсімі 11 пайыз артты

832
салық

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бюджетке салық пен төлемдердің түсімі 3,4 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдан  (3,1 трлн) 10,9 пайызға ұлғайғанын көрсетеді.

Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметінше, Алматыда 881,4 млрд теңге , Астанада — 485,3 млрд теңге, Атырау облысында — 453,3 млрд теңге, Ақтөбе облысында — 169,7 млрд теңге, Қарағанды облысынан — 167,8 млрд теңге салық жиналған. Өз кезегінде, қазынаға ШҚО-дан 164,4 млрд теңге, Алматы облысынан 147,9 млрд теңге, Маңғыстау облысынан — 147,6 млрд теңге, ОҚО-дан — 147,3 млрд теңге, БҚО-дан — 140,5 млрд теңге түскен. Сонымен қатар, Павлодар облысы 110,7 млрд теңге, Қостанай облысы 75,7 млрд теңге, Ақмола 54 млрд теңге, Қызылорда 47,5 млрд теңге, Жамбыл облысы 37,2 млрд теңге, СҚО 36,6 млрд теңге салық әкелген.

Жыл басынан мемлекет бюджетіне 3 трлн теңге салық түскен. Салықтың басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларына тиеселі.