Әлеуметтік стиліңізді анықтаңыз

850
Сіздің әлеуметтік стиліңіз
Фото: lh4.googleusercontent.com

Өзіңізді қоршаған басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін кім екеніңізді анықтап алу өте маңызды.

Жақындарымызбен, әріптестерімізбен немесе достарымызбен жақсы тіл табысуымыз өзіміздің мінез-құлқымыздың әлеуметтік стилін қаншалықты түсінетінімізге байланысты. Әдетте біз әлеуметтік стилі өзімізге ұқсас адамдарды жақсы түсінеміз. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін басқа адамдардың мінез-құлқымен де санасқан абзал. Ол үшін әуелі өзіңіздің мінез-құлқыңыздың стилін білгеніңіз дұрыс. 7kun.kz өзіңізді әлеуметтік стиліңізді анықтау үшін арнайы тест ұсынады.

Тест тапсырып, өзіңізге баға беріңіз.

Әр пікірге 0,1,2 немесе 3 балл беруіңіз тиіс.

0= Мүлдем маған қатысы жоқ

1 = Кейде

2 = Жиі

3 = Дәл маған қатысты

Пікір Балл
1 Мен перфекционистпін
2 Басқаларды басқару үшін жаралғанмын
3 Көпшілікпен араласқанды ұнатамын
4 Араласатын адамдарды қатты бағалаймын
5 Өз өміріме көңілім толады
6 Барлығы маған тәуелді болса, содан рақат аламын
7 Қажеттіліктерге және басқа адамдардың сезіміне келгенде көңілшекпін
8 Басқалармен ұрысып қалсам, қатты уайымдаймын
9 Жиі әрі жылдам ауысып отыратын көңіл күйімнің құбылмалылығынан зардап шегемін
10 Алдыма үлкен мақсаттар қоямын
11 Жасаған барлық әрекеттерімнің көңілді жақтарын іздеймін
12 Үйлесімділікті және басқалармен тату-тәтті қарым қатынасты қатты бағалаймын
13 Өз өміріме немесе болған оқиғаға бола көңілімді көп түсіремін (депрессияға түсемін)
14 Өз пікірімді айтамын
15 Мен экспрессивті адаммын – сөйлескен кезде ым-ишараны көп қолданамын
16 Басқаларға жолымды оңай беремін
17 Басқалармен сөйлескен кезде сарказмды қолданамын
18 Дегенінен қайтпайтын адаммын
19 Мен еті тірі және көптің көзіне жиі түсетін адаммын
20 Басқаларды бақытқа бөлеу үшін көп дүниемен келісе саламын
21 Болып жатқан оқиға мен адамдарға баға бергенді ұнатамын
22 Бәсекеге түскенді ұнатамын
23 Сөйлегенде тоқтауым қиын
24 Жанжалды болдырмас үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын
25 Мен идеалистпін
26 Өзімшілмін
27 Салдыр-гүлдір еткен адаммын
28 Кез келген істі оңай бастаймын
29 Басқа адамдарға сын көзбен қараймын
30 Көңіл күйімнің түсуі де және ашулануым да тез
31 Маған тәртіп пен өзімді өзім ұйымдастыру жетіспейді
32 Басқа адамдар бақытты болса, мен де өзімді ең бақытты адам ретінде сезінемін
33 Әр нәрсенің өз уақыты бар әрі әр зат өз орынында сияқты тәртіпті ұстанамын
34 Мен ашушаңмын
35 Мен көңілдімін
36 Басқа адамдармен қарым-қатынасымды нығайту үшін өзімді олардан бір саты төмен ұстаймын
37 Жалпылама білгеннен гөрі бүге-шүгесіне дейін білгенді ұнататын адаммын
38 Өзіне-өзі қатты сенімді адаммын
39 Тәртіпке салғырт қараймын
40 Ең алдымен басқаларды ойлаймын

Жинаған балыңызды санаңыз:

Балды мына нөмірдегі сұрақтарға қосыңыз: 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33 және 37. Пайда болған соманы «А» бөліміне жазыңыз.

Балды мына нөмірдегі сұрақтарға қосыңыз: 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34 және 38. Пайда болған соманы «К» бөліміне жазыңыз.

Балды мына нөмірдегі сұрақтарға қосыңыз: 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35 және 39. Пайда болған соманы «Э» бөліміне жазыңыз.

Балды мына нөмірдегі сұрақтарға қосыңыз: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36 және 40. Пайда болған соманы «С» бөліміне жазыңыз.

A
К
Э
С

 

A = Талдаушы

K = Командир

Э = Экспрессивті

С = Тұрақты

Талдаушы

Талдаушылар, өздеріңіз түсінгендей, көп нәрсені талдайды. Олар – перфекционистер. Әдетте олар – ұйымдасқан, әр іске мұқият әрі идеалистік тұрғыдан қарайтын адамдар. Талдаушылардың көңіл күйі жылдам түсіп, мысқылмен сөйлеуі мүмкін. Көбіне интроверт болып келеді.

Командир

Командирлер – туа біткен көш басшылар. Олар басқарғанды ұнатады. Көбіне дегеніне жетіп, басқалармен бәсекеге түскенді ұнатады. Сондай-ақ олар – қырсық, қара басын ойлайтын әрі ашушаң адамдар.

Экспрессивті

Экспрессивті әлеуметтік түр – бұл «Жайдарман» адамдар. Көңіл көтергенді ұнатады. Олар энтузиаст әрі жайдарлы болып келеді. Олар кей-кейде «шулы», көп сөйлейтін әрі тәртіпсіз болуы мүмкін. Бұл адамдар нағыз экстраверттер.

Тұрақты

Тұрақты адамдар жақсы қарым-қатынас орнатқыш болып келеді. Оларға береке, татулық ұнайды. Олар адамдармен тез тіл табысып, оларды бағалайды. Қайтсе де жанжалды болдырмауға тырысады. Олар үйлесімділікті, баланс пен тәртіпті ұнатады. Басқа адамдар бақытты болса, олар да өздерін бақытты сезінеді.