Шоу бизнес

Алматыда «Инстаграмшы» комедиялық туындының түсірілімі жүріп жатыр

2017 жылдың 14 қыркүйегінде басталған «Инстаграмшы» («Инстаграмщица») картинасының өндірісімен «Дом Культуры» Production компаниясы айналысып жатыр.

Фильмде басты рөлді Анар Батырхан сомдайды және ол ең табыскер инстаграмшы

Инстаграмшы
Анар Батырхан

Айнұрды (аккаунты — @ainura_official) ойнайды. Бойжеткеннің өмірінде бәрі тамаша: оның парақшасына миллиондаған адам тіркелген, әрі жарнаманың арқасында оның тоңазытқышы сушиге толы, сенімді құрбылары мен сүйікті жігіті де бар.

Алайда бір күні оның аккаунтын біреулер бұзып, бойжеткен өмірінің астаң-кестеңі шығады. Көрермендер Айнұрдың жолында кездескен барлық қиындықтарды еңсеріп, бұрынғы жайлы өмірі мен махаббатын қайта қайтаруы қолынан келе ме екен — осыны тамашаламақ.

Көрермендер «Инстаграмшы» толықметражды картинасында «Q-елi» атты скетчкомның кейіпкерлерінің басынан кешкен оқиғалары ары қарай қалай өрбитініне куә болады. Кеңейтілген нұсқада актриса Анар Батырханмен бірге өзінің шынайы әрі күлкілі контентінің арқасында әлеуметтік желіде танымал атанған Қазақстан медиасының тұлғалары да бар.

Рөлдерде: Гүлнар Сабитова (Ресей), Төлепберген Байсақалов, Қуат Садықов, Шәріп Серік,

Инстаграмшы
Шәріп Серік
Инстаграмшы
Дархан Тастанов

Ұлбосын Шалқарова, Айым Сейтметова, Мақсат Мамраимов, Әбунасыр Серіков, Ерболат Төлегенов, Нұрлан Батыров, Алмас Бекболат, Камалия Байтілеуова, Семён Махов және т.б.

 

Продюсерлері: Қуат Садықов, Дархан Тастанов, Максат Мамраимов.

Инстаграмшы
Қуат Садықов

«Инстаграмшы» фильмi көрермендерге жақсы таныс: «Бизнес по-казахски», «Брат или Брак» фильмдерінің, «Городские легенды» сериалының, «Q-елi» скетчкомының және «Навстречу мечте» атты жаңа жылдық шоу сценарийлерінің авторы, режиссер — Арыстан Кауневтің дебюттік фильмі.

«Инстаграмшы» комедиясының түсірілімі қазан айына дейін созылады. Фильмді прокатқа шығару 2018 жылдың көктеміне жоспарланған.

Tags

Осы айдарда

Close