Бюджет шығындары мен тапшылығын 14,1 млрд теңгеге қысқарту ұсынылды — Бақыт Сұлтанов

543
бюджет
ic24.kz

Алматы. 1 қараша. 7kun.kz — Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында бюджет түсімдері ұлғайтылғанын жеткізді деп хабарлайды Government.kz. 

«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің түзетілген Әлеуметтік экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.Техникалық көмек көрсету рәсімдерін тоқтата тұру туралы Қырғыз Республикасының бастамасын ескере отырып, жұмыс тобы мен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында заң жобасына тиісті түзетулер енгізу туралы ұсыныс қолдау тапты. Нақтылап айтқанда, бюджет шығыстары мен тапшылығын 14,1 млрд теңгеге қысқарту ұсынылды», — деді Б. Сұлтанов.

Аталған түзетулер нәтижесінде ағымдағы жылдың бюджетінің негізгі параметрлерінің бірқатар көрсеткіштері өзгерді, яғни бюджет түсімдері 62,9 млрд теңгеге ұлғайып, 9 трлн 691,5 млрд теңгеге жетті.  Олардың ішінде: мұнайлық емес түсімдер жоспарға қарағанда 77,9 млрд теңгеге өсіп, 4 трлн 497,2 млрд теңгені; мұнай түсімдері 14,9 млрд теңгеге төмендеп, 5 трлн 194,2 млрд теңгені құрады. Министрдің сөзіне қарағанда, бюджеттің шығыстары 1 млрд теңгеге ұлғайып, 11 трлн 177,4 млрд теңгеге жетті. Ал қаржы тапшылығы 62 млрд теңгеге төмендеп, 1 трлн 485,9 млрд теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,9 пайызды құрады. Бұл экономикалық одақ аясында қабылданған бағдарларға және келесі орта мерзімді кезеңге құрылған жаңа экономикалық саясатқа сәйкес келеді.