ЖаңалықтарҚазақстанҚоғамТаңдаулы1

Сорос-Қазақстан қоры Астанада ашық экономика форумын өткізді

Астана. 9 қараша. 7kun.kz –  Астанада 9 қараша күні Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Әлеуметтік әділдік арқылы экономикалық ілгерілеу: адам мүддесіне бағытталған ұстаным» атты алғашқы «Ашық экономика» форумы өтті деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі. 

Форумға қатысқандар арасында Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, АҚШ пен Италиядан келген экономика және қаржы саласындағы зерттеушілері, ЫЭДҰ, USAID және ЕҚҚДБ сарапшылары, Жаңа Зеландия мен Қазақстан экономистері болды.

Форумда қазақстандықтардың еңбек ету құқығы, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жағдайы, Қазақстанда зейнетақы реформасы мен әйелдердің экономикалық құқығы талқыланды.

Қор төрағасы Антон Артемьевтің пікірінше,  ашық экономика ұғымы инвестиция тарту мен бизнесті жүргізу және дамытуды білдіреді.

“Ашық экономика ұғымы» капиталдың, технологиялардың, ақпараттың еркін қозғалысын, сонымен қатар инвестицияларды тарту және әсіресе, орта және шағын бизнес үшін бизнесті жүргізу және дамытуды білдіреді. Осындай инклюзивтік экономикалық үлгі шикізатқа тәуелділіктен арылуға алғышарттар дайындап, біздің еліміздің дамыған әлем елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндіктер ашады”,-деді Арметьев

«Бүгін талқыланған мәселелер халықтың басым бөлігіне тиесілі. Бүгінде елімізде өзін өзі жұмыспен қамтыған 3 миллион адам, зейнетақы жүйесінің 6 миллион қатысушысы және 8 миллион әйел бар», – дейді Сорос Қазақстан қорының «Ашық экономика» бастамасының үйлестірушісі Қасымхан Қаппаров.

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институтымен құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры.

 

Tags

Осы айдарда

Close