7kun.kz тілшісі іскерлік БАҚ өкілдеріне арналған республикалық байқауда жүлдегер болды

0
174
7kun
Фото: atameken.kz

Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz – «7kun.kz» ақпараттық порталының тілшісі Мейрхан Амангелдиев «Интернет-БАҚ-та жарық көрген үздік сараптамалық материал» аталымы бойынша II орынды иеленді.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде «Атамекен» Төралқасы хатшылығының төрайымы Лаззат Рамазанова байқаудың әр қатысушысына алғысын білдірді.

«Кәсіпкерлікті насихаттау, әсіресе кәсібін дөңгелетіп жүрген қыз келіншіктерді, шағын кәсіпкерлігі бар адамдар жайында ақпаратты халыққа жеткізіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Сіздерге алғыс білдіремін», – деді Лаззат Рамазанова.

Комиссия мүшелері мен ұйымдастыру комитетінің айтуынша, биыл журналистік материалдардың сапасы артып, сараптамалық салмақ пен зерттеулер көбейген.

Айта кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы, қазақстандық кәсіпкерліктің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығында жетістіктері жайында БАҚ өкілдері арасында үздік журналистік жұмысқа байқау жариялаған болатын.

Айгүл Хожантаева


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ