Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі дүйсенбі күні 8 қарашаға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 339,99 теңге, 1 еуро — 376,16 теңге, Ресей рублі — 5,33 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 421,52 теңге, жапон йені— 3,26 теңге, 1 қытай юаньы — 50,19 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,95 теңге, 100 өзбек сумы— 10,90 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 7 қарашадағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 339,99 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.