Теңгенің бағасы өсуді жалғастырады

бағасы
Фото: Ак Жайык

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан қор биржасының (KASE) таңертеңгілік сессиясында доллардың орташа бағамы 330,07 теңгені құрады. 5 қаңтардағы таңертеңгілік сессияға (330,38 теңге / $ 1) қарағанда долларға шаққандағы ұлттық валюта 0,31 теңгеге көтерілді. Бұл туралы Kapital.kz бизнес-ақпарат орталығы хабарлады.

KASE мәліметіне сәйкес, таңертеңгілік сессияда долларлық сауда-саттықта бір АҚШ доллары минималды деңгейде 329,40 теңге, максималды деңгейде 330,20 теңгені құрады. Жабу бағамы бір доллар үшін 330,20 теңге болды. Доллар бойынша сауда көлемі 22 миллион 300 мың долларға жетті. Валюта транзакциялары бойынша мәмілелер саны — 161.

Астананың айырбастау пункттерінде 11.00-де американдық валютаны максималды сату бағамы 332 теңге, Алматыда да дәл солай 332 теңгені құрады. Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы Қазақстан Қор Биржасының екі отырысының қорытындылары бойынша белгіленеді.