Exxon Mobil «Роснефть» компаниясымен серіктестігін доғарады

компаниясымен
Фото: finance.yahoo.com

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Американдық Exxon Mobil мұнай компаниясы ресейлік «Роснефть» компаниясымен жасасқан бірлестігінен бас тартуға ниетті. Бейсенбі күні белгілі болғандай, Exxon компаниясының мұндай шешім қабылдауына  2014 жылы Қырымды күштеп қосып алуына байланысты Ресейге қарсы ЕО пен АҚШ санкциялары себеп болды, деп жазады DW.

Exxon басшылығы ортақ жобалардан бас тарту процесі 2018 жылдан басталады деп хабарлады. Ал, «Роснефть» тарапынан бұл жайында пікір әлі де айтылмады.

Концерн үшін бұл шешім айырбас бағамының күрт өзгеруі болып саналады. Өйткені бұрын Exxon компаниясында санкциялар американдық фирмаларға халықаралық нарықта қысым жасайды деп мәлімдеді.

«Роснефть» компаниясымен бірігу американдық алпауыттың бұрынғы басшысы Рекс Тиллерсонмен келісілген. Қазір ол АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметін атқарады. Ал, Ресейлік компаниямен ынтымақтастығы үшін Exxon 2 млн доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

«ExxonMobil» концерні қазірдің өзінде қызметін жүзеге асырып, оны Чукотка, Қара теңіздің қайраңдарында, сондай-ақ Лаптеп теңізінде іске қосуды жоспарлайды. Сонымен қатар, Exxon Mobil «Сахалин-1» мұнай-газ жобасының операторы болды.

«Exxon» компаниясының жылдық есебін шығарған ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Роснефть» компаниясымен бірлескен жобалардан шығуына байланысты компанияның шығыны шамамен 200 млн долларды құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!