Coca-Cola алғаш рет алкогольді сусын өндіреді

сусын
Фото: Состав.ру

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – Coca-Cola 125 жылдық тарихында алғаш рет алкогольді сусын шығаруды жоспарлады. Бұл сусын жапон нарығына тиесілі әр түрлі жемісті дәмі бар жартылай алкогольді сусын болады, деп жазады The Financial Times.

Алкоголь өнімдерінің бұл санаты Жапонияда Chu-Hi деп аталады. Америкалық корпорацияның алкогольдік эксперименті туралы, Жапониядағы компанияның веб-сайтында жарияланған сұхбатында Coca-Cola компаниясының жапондық бөлімшесінің басшысы Хорхе Гардуньо мәлімдеді. Оның айтуынша, Coca-Cola-ның жаңа алкогольді сусынының шығарылуы 2018 жылға жоспарланған.

«Coca-Cola әрдайым алкогольсіз сусындар шығаруға маманданған. Бұл нарықтың белгілі бір бөлігіндегі қарапайым тәжірибе болмақ», — деді Гардуньо.

Сондай-ақ, ол басқа елдердің дүкендерінде «Coca-Cola» компаниясының алкогольдік сусыны сатылымға шықпайтынын айтты.

Жапонияның Suntory компаниясының мәліметі бойынша, Жапонияның нарығында Chu-Hi алкогольдік коктейльдің түрлі дәмдері ұсынылған. Бұл нарық 2013 жылдан бастап 5-25 пайызға өсті. Сусындардың күштілігі 3-8 пайызға дейін болғандықтан, бұл оларға, әсіресе, әйел тұтынушылар арасында сырамен тікелей бәсекелесуіне мүмкіндік берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!