Еуразиялық банк жаңартылған шарттармен жарна төлеу жоспарын іске қосты

төлеу
Фото: abctv.kz

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – PayDA төлем карточкасы қазақстандықтарға тауарлар мен қызметтерді иеленуге немесе артық төлемсіз, бөліп төлеу арқылы сатып алу жасауға мүмкіндік береді.

«Біз нарықтағы қолданыстағы өнімдерді талдадық және күнделікті сатып алу үшін клиент картасына қолайлы жағдай жасадық. Біз PayDA-ны біздің банкіміз үшін маңызды өнімдердің бірі деп санаймыз. Осы өнімнің жергілікті нарықта әлеуетін көріп отырмыз. Клиенттер біздің картамыздың ыңғайлылығы мен артықшылықтарын бағалайтынына сенімдіміз. Атауы әдемі қазақша «paida» сөзінен алынған, яғни «пайда, олжа» дегенді білдіреді», — деді «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логинов.

«Картаның логотипі алфавитті латинизациялау үрдісін ескере отырып, латын тілінде жазылған. Сондай-ақ, сөзде ағылшын тілінде «сатып алу» дегенді білдіретін «Pay – сатып алу» және орыс тіліндегі «иә» деген сөздің аудармасы бар. Осылайша, PayDa төлем карточкасы тиімді сатып алуға арналған деп атап өткіміз келеді», — деп түсіндірді банктің басшысы.

b1411dddeb7173c78f61f56630e.jpg

PayDA мен басқа карталар арасындағы негізгі айырмашылық серіктестік желісіне шектеулердің жоқтығы, әрбір сатып алуға арналған бонустар, сондай-ақ Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде сатып алуға төлем жасау мүмкіндігі. Сонымен қатар, PayDA-мен онлайн-дүкендерде де төлеуге болады.

PayDA төлем картасының негізгі шарттары:

  • лимит 25 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін;
  • мерзімі: 2 жылға ұзарту мүмкіндігімен;
  • тариф: 0 пайыз;
  • шығару және жылдық қызмет көрсету үшін комиссия: 0 теңге.

PayDA төлем картасының толық шарттары туралы paydacard.kz сайтынан табуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!