Банк жаңалықтарыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1Таңдаулы2

Данияр Ақышев: Инфляция 2018 жылға белгіленген 5-7 пайыз нысаналы дәлізге сәйкес келеді

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылғы екі айда жылдық инфляция 2017 жылғы желтоқсандағы 7,1 пайыздан ақпанда 6,5 пайызға дейін баяулады. Ол 2018 жылға белгіленген 5-7 пайыз нысаналы дәлізге толық сәйкес келеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Үкімет отырысында сөз сөйлеген кезде айтып берді.

«Инфляциялық процестерді төмендету және бұл үрдісті орта мерзімді
перспективада сақтау бойынша бағалауымыз ақша-кредит саясатын жұмсартудың негізгі талаптарының бірі болып есептеледі. Жыл басынан бері базалық мөлшерлеме екі рет – 10,25 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендетілді», — деді Д. Ақышев.

Қаржы реттеушісінің басшысы ақша нарығындағы мөлшерлемелердің базалық
мөлшерлемемен қатар төмендеп жатқанын айтып берді.

«2017 жылдың соңында қысқа мерзімді ноттар бойынша ең жоғары мөлшерлеме 9,43 пайыз болса, ақпанда ол 9,02 пайыз болды. Ақша нарығы кірістілігінің азаюы экономиканың нақты секторына қаражаттың әкетілуі үшін алғышарттарды күшейтеді», — деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Tags

Осы айдарда

Close