Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуал туралы айтты

валюта

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективада бағамын айқындайтын іргелі факторлар жағымды қалыптасып келеді.

Ол қаңтар-ақпанда теңге бір АҚШ доллары үшін 320,30 теңгеге дейін 3,6 пайызға нығайғанын атап өтті. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері ақпанның соңында 31,4 млрд АҚШ доллары болды. Жыл басынан бері 2,2 пайызға өсті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері жыл соңында 59,4 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Жалпы халықаралық резервтер 90,8 млрд АҚШ доллары болды.

«Депозиттер көлемі қаңтардың соңында 17,1 трлн теңге болды. Маусым ішінде бір айда 2,2 пайызға төмендеді. Шетел валютасындағы салымдар 6,9 пайызға қысқарды. Теңгемен салымдар 2,1 пайызға өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдар үлесі 45,4 пайызға дейін төмендеді.

Қаржы реттеушісінің басшысы банктердің экономиканы кредиттеуі қалпына келіп жатқандығын атап өтті.

«2018 жылғы қаңтарда жаңа кредиттерді беру көлемі 830 млрд теңге болды. Бұл 2017 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 44 пайызға көп. Экономикаға кредиттердің жалпы көлемі 2018 жылғы қаңтардың соңында 12,5 трлн теңге болды», — деді Д. Ақышев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!