Банк жаңалықтарыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

S&P Банк ВТБ-ның кредиттік рейтингін «BB+» дейін көтерді

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылғы 6 наурызда S&P Global Ratings Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «ВВ»-ден «BB+» дейін көтерді және оның «В» деңгейіндегі қысқа мерзімді рейтингін растады. Рейтингті өзгерту болжамы – «тұрақты». Агенттік банктің рейтингін, сонымен қатар, ұлттық шкала бойынша «kzA»-дан «kzAA-» дейін көтерді.

S&P Global Ratings хабарламасында Қазақстандағы ВТБ банкінің рейтингін көтеру ВТБ банкінің (ЖАҚ) бас ұйымына қатысты ұқсас әрекетпен және Ресей Федерациясы егеменді үкіметінің кредиттік саясатының жақсаруымен түсіндіріледі.

«Рейтингті өзгертуге негіздемеде S&P агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан)-ның негізгі құрылымдар үшін «өте жоғары стратегиялық маңызға ие» екендігін атап көрсетті және біздің банк бір бөлігі болып саналатын ВТБ тобының тарапынан мұндай қатынасты үнемі сезінеміз», — деді Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло.

«Біз халықаралық холдингтен тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар, бізге қазақстандық нарыққа үздік банктік өнімдер мен қызметтер ұсынуға, сондай-ақ белсенді дамуға мүмкіндік беретін сындарлы бизнес-модель де аламыз. Соңғы жылдары, мысалы, дамудың жаңа стратегиясы қабылданғаннан кейін бізге бөлшек өнімдерді 3,5 есе сатуды ұлғайтудың сәті түсті», — деді ол.

Қазір Банк ВТБ (Қазақстан)-ға республика банктерінің арасында ең жоғары кредиттік рейтингтің бірі берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Tags

Осы айдарда

Close