Google криптовалюта мен ICO жарнамаларына тыйым салады

Қытай
Фото: 9to5google.com

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Google компаниясына тиесілі Alphabet компаниясы 2018 жылдың маусым айынан бастап криптовалюта мен ICO байланысты онлайн-жарнамаларды орналастыруға тыйым салады, деп хабарлайды Bloomberg.

Бұл — жоғары тәуекелді жаңа қаржы құралдарын сату бойынша жүргізілетін күресте көбірек күш салудың бір бөлігі.

Бұдан басқа, іздеу жүйесі бинарлы опциондарды жарнамалауға тыйым салады. Қазіргі кезде «бинарлы опциондар» мен «биткоин сатып алу» туралы іздегенде төрт жарнамалық ұсыныс көрсетіледі, деп жазады агенттік. Bloomberg-тің айтуынша, бұл тыйым Google-дың жарнама сатудан түскен пайдасына еш әсер етпейді.

Айта кетейік, Facebook та қаңтар айында криптовалюта бойынша жарнамаларға тыйым салған болатын. Әлеуметтік желідегі хабарламаға сәйкес, жарияланатын жарнамалар сенімді болуы қажет. Сол себепті адамда күдік ұялататын, жалған хабарландыруларға әлеуметтік желіде орын жоқ екенін мәлімдеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!