Қазақстандықтар банктерден 5,3 трлн теңгеге несие алған

банктерден
Фото: КерекИнфо

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz — Астана 2018 жылдың қаңтар-ақпандағы бөлшек қарыздарды беру бойынша Алматыдан асып түсті, деп хабарлады LS.

Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) мәліметтері бойынша, Астана қаласындағы несиелердің жиынтық үлесі 13,3 пайыз, ал Алматыда — 13,2 пайыз.

«Елордалық несиелер көлемінің өсуі тұтынушылық сұраныстың ұлғаюымен, сондай-ақ ипотекалық несиелердің өсуіне байланысты. Тек осы екі қалада ғана 94 млрд теңгеден астам несие берілді», — деп түсіндірді БКБ.

Несие беру жөнінен белсенді аймақтардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы (8,6 пайыз), Қарағанды ​​(7,7 пайыз), Алматы (7,4 пайыз), Маңғыстау (7,1 пайыз) және Шығыс Қазақстан облысы (7 пайыз) бар. Осы өңірлерде берілген несиелердің көлемі 135 млрд теңгеден асады.

Елдің орташа несие сомасы 350 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге, қазақстандықтар улкен сомадағы несиелерді Маңғыстау облысы (598 мың теңге), Астана (534 мың теңге), Атырау (440 мың теңге), Алматы (422 мың теңге), Батыс Қазақстан облысында (359 мың теңге) алады.

БКБ-да 2018 жылы ақпан айының қорытындысы бойынша жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша қарыздың жалпы сомасы қаңтармен салыстырғанда 1,1 пайызға артып, 5,27 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Жыл басына қатысты өзгерістер 0,5 пайызды құрады.