ЖаңалықтарТаңдаулы1Технология

Telegram мессенджерінің жұмысында жаппай ақау туындады

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz — Telegram мессенджерінің жұмысында жаппай ақау туындады. Пайдаланушылар хабарламаларды жіберу және алу мүмкіндігінің жоқтығына шағымдана бастады, деп жазады РБК. Ақау мобильді қосымшамен қатар, қызметтің веб-нұсқасында да кездесті.

Downdetector сервисінің мәліметтеріне сәйкес, мессенджерде туындаған қиындықтар бойынша шағымдар Ресейдің еуропалық бөлігінде, сондай-ақ Нидерланды, Италия, Таиланд, Словакия және Украинада таралды. Көптеген пайдаланушылар (46 пайыз) хабар алмасуға қатысты (34 пайыз) мәселелер бойынша  шағымданып отыр.

Twitter-дегі ресми парақшада Telegram мессенджер жұмысындағы ақаулықты растады. Мессенджердің негізін қалаушы және жетекшісі Павел Дуровтың айтуынша, Ресей мен Еуропа елдеріндегі Telegram жұмысының бұзылу себебі компанияның серверлеріне жеткізілетін электр қуатының ажыратылуы болды.

«Біз өз тарапымыздан проблемаларды жою үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұндай проблемалар көбінесе деректер орталығын электрмен қамтамасыз ететін компанияға байланысты», — деп қосты Дуров.

Айта кетейік, қызметтің соңғы ақауы 5 наурызда болған еді. Ол кезде мессенджер келеңсіздік Еуропа мен Таяу Шығыс елдері және Африканың қолданушыларында болғанын айтқан болатын.

Tags

Осы айдарда

Close